Посты на казахском

ПрЕП және мүшеқап

ПрЕП тек АИТВ-инфекциясынан қорғайды және ол өз қызметін жақсы жасайды.

Бірақ бүгінгі таңда мыңдаған PrEP қабылдаған адамдардың ішінен 5-і АИТВ-ны жұқтырған жағдайлар да тіркелді.Бұл адамдардың PrEP-ті емдеу схемасы бойынша дұрыс қабылдамауына байланысты болды.

Дегенмен, 100% қорғаныс ештеңе бере алмайды. 100% қорғауды күткен адамдар жыныстық қатынасты мүлдем тоқтатуы керек :) ПрЕП - қазір АИТВ-инфекциясынан қорғаудың ең жақсы тәсілі. Мерезден* емес, гонореядан емес, тек АИТВ-инфекциясынан. Мерез бен гонореяны қазір емдеуге болады, ал АИТВ инфекциясын емдеуді әлі үйренген жоқ.

Егер презервативтер АИТВ-дан қорғаудың жоғары дәрежесін берсе, неге ПрЕП-ті презервативтермен бірге қолдану керек? Презерватив пен ПрЕП бір-бірін толықтырады: ПрЕП — АИТВ-дан, ал презерватив — басқа ЖЖБИ*-дан қорғайды.

Әр адам өзінің қауіпсіздігі үшін жауап береді. Егер ол гонореяны немесе мерезді емдеуге ақы төлеуге дайын болса, антибиотиктерді қабылдауға дайын болса, бұл оның презервативті пайдаланбауды таңдауы болады.

Егер сіз АИТВ және басқа ЖЖБИ қаупі аз жыныстық қатынасқа түскіңіз келсе, PrEP және презервативтерді бірге қолданыңыз.
ПРЕП